• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды

16 Қазан, 2013 10:58
ҚР СІМ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан сайлануының ұлттық жобасы статусын енгізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ҚР парламенті Санатындағы үкіметтік сағатта.

«БҰҰ аясында біз аймақтық қауіпсіздікті терең нығайтудың жан-жақты шараларына белсенді қатысуды мақсат еттік. Осы тұрғыда Қазақстан 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды», - деді Е.Ыдырысов.

БҰҰ ҚК-не Қазақстанның сайлануы, министрдің сөзінше, аймақтың шиеленісті жағдайларына әлемдік қауымдастық назарын аударуға, елдің халықаралық бастамаларына, Астананың жаһандық мәселелерде маңызды рөл атқарып, «Еуразияда кеңістігіндегі қауіпсіздікпен тұрақтылық факторы» ретінде Қазақстанның имиджін көтеруге себеп болады.

Сайлаудың белсенді кезеңі 3-4 жыл бұрын басталады. Ол үлкен саяси жігер мен экономикалық шығынды талап етеді. Қазақстан аталмыш ұйымның мүшелігіне ену үшін БҰҰ 193 мүшесінің кемінде 129 дауысын алуы керек», - деді СІМ Басшысы.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Бас Ассамблея алаңында министрлік  өкілдері тарапынан түрлі дәрежедегі 90-нан астам кездесулер өткізілген.

 

 

 

Барлық жаңалықтар