• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Елбасының қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысы өтеді

Астанада Елбасының қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысы өтеді

4 Маусым, 2015 10:02
Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші отырысы өтеді, оның басты тақырыбы Қазақстандағы агробизнесті дамыту болмақ. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары қатысады. Ал, Кеңес отырысын Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев ашады.

Келелі кеңестің күн тәртібінде үш мәселе қаралатын болады. Олар 27-ші пленарлы отырыстың қортындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы есеп, шетелдік инвесторлардың опарациялық қызметтері мен Қазақстанда агробизнесті дамыту.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда Кеңес құрамына 34 шетелдік компаниялармен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Кеңес отырысы жылына екі рет  өткізіледі.

Бұдан басқа, тұрақты түрде Кеңестің аралық отырыстары мен жұмыс топтарының кездесулері ұйымдастырылады.

Кеңестің пленарлы және аралық отырыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы инвестициялы климатты жетілдіруге бағытталған тапсырмалары бар протоколдық шешімдер қабылданып, ведомстволар мен министрліктерге беріледі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар