- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ең үздік балалар жазушыларына «Дарабоз» сыйлығы табыс етілді
Астанада ең үздік балалар жазушыларына «Дарабоз» сыйлығы табыс етілді
Аталмыш байқау балалар әдебиетіне арналған. Оған еліміздің кез-келген азаматы 20-мамырға дейін «Дарабоз» сайтына өтініш беріп, «Балаларға арналған үздік шығарма» сыйлығының үміткері атана алатын еді. Байқауға қазақ және орыс тілдеріндегі 500 шығарма қатысты, дауыс беру мен баға беру арқылы әділқазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды таңдады.
«Бүгін өте бір қызықты шара болып отыр, Бауыржан Оспанов сияқты меценаттар балалар шығармашылығын дамытуға қатысуы қуанышты. Ең бастысы, бұл сыйлық бірмезгілдік емес, ол алдағы уақытта да жалғасады деген ойдамын. Бізге балалар әдебиетін дамыту керек»,-деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шара барысында.
Әдеби шығармаларды таңдау барысында олардың әдеби-көркемдік жағына баса назар аударылды, сондай-ақ шығармалардың оқиға өрісі, ойының айқындылығы мен жазу тіліне де маңыз берілді.
Биылғы жылы «Дарабоз» сыйлығының мерекелік рәсімі тағы бір байқаумен ерекшеленді. Онда «Балалар әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы Қазақ балалар әдебиетінің корифейі, әйгілі ақын, балалар жазушысы, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевқа тапсырылды. Байқаудың соңында жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Ал, «Балаларға арналған үздік шығарма» аталымының гран-при иегеріне 1 миллион теңге көлемінде сыйлық берілді. Ақшалай сыйлықтардан басқа, авторлар өздерінің шығармаларын бастыру үшін ірі баспалармен келісім жасауға мүмкіндік алды.
Байқаудың қорытындысы бойынша, 4 кітап пен бір жинақ шығады, олар еліміздің кітапханаларына тегін жолданады.
Ботагөз Айтжанова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді