• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Моңғолия Президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Моңғолия Президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

3 Маусым, 2015 17:51
Мемлекет басшысы Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржбен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Моңғолияның көптеген халықаралық мәселелер жөніндегі ұстанымының ортақтығын және көпжақты ұйымдар мен форумдар аясындағы ықпалдастық деңгейінің жоғарылығын атап өтті.

Тараптар көпғасырлық достық пен мәдени ортақтыққа негізделген қазақ-моңғол қарым-қатынастары алдағы уақытта да Қазақстан мен Моңғолия халықтарының игілігі үшін қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Моңғолия жағы бастамашылық етті. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар