- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның бірінші отырысын өткізді
Г.Әбдіқалықова Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның бірінші отырысын өткізді
Отырыс барысында Мемлекеттік хатшы Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа мен Ұлт жоспарының 100 нақты қадамының әрқайсысы білімге және үздік технологияларға сүйенетінін, олар заманауи Қазақстан қоғамының іргетасы әрі зияткерлік әлеуетіне айналатынын атап айтты.
Г.Әбдіқалықова жоғары технологиялық экономикалық өсім үшін Ұлт жоспарын орындау, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында адами капиталды дамыту ісінде Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы зиялылары жетекші рөл атқаратынына тоқталды.
2015 жылғы Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қарауына 26 жұмыс ұсынылды. Отырыс барысында Мемлекеттік сыйлықты тағайындауға ұсынылған жұмыстар жөніндегі мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындылары мен сараптамалық-талдау нәтижелері қарастырылды. Атап айтқанда, физика-математика, техника, химия-технология ғылымдары, биология және ауыл шаруашылығы ғылымдары, қоғамдық-гуманитарлық және медицина ғылымдары, металлургия және жер туралы ғылымдар бағыттары бойынша секциялар төрағалары өз ұсынымдарын ортаға салды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау үшін алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар тізбесін бекіту туралы шешім қабылдады. Жұртшылық кеңінен талқылау үшін бұл жұмыстар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің таяу уақыттағы нөмірлерінде жарияланатын болады.
Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2015 жылғы каңтарда жарияланды, ол үздік ғылыми зерттеулер, енгізілген инновациялар үшін беріледі. Сыйлықтан үміткер болу үшін мүлде жаңа өнім және технология әзірлеу, оларды экономиканың түрлі салаларында енгізу жөніндегі ғылыми-технологиялық, инновациялық қызметтің мойындалған нәтижелерін ұсынуға болады. Әл-Фараби атындағы сыйлыққа ұсынылған жұмыстың Қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік тиімділігі болуы тиіс.
Ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар екі жылда бір рет тағайындалады. Сыйлық көлемі – 18,6 миллион теңге. Аталған шаралар ғалымдар еңбегін және олардың ғылымға, ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытуға қосқан айқын үлесін ынталандыруға бағытталған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады