- Басты
- Жаңалықтар
- Елорданың 300-ден астам оқушысы «Қауіпсіз жазғы демалыс» акциясына қатысты (Фото)
Елорданың 300-ден астам оқушысы «Қауіпсіз жазғы демалыс» акциясына қатысты (Фото)
№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 300-ден астам балалар мен олардың ұстаздары астаналық құтқарушылардың жұмыстарымен танысу мақсатында келді.
Іс-шара дабылы қосылған өрт сөндіру автокөлігі келіп жетіп, оның ішінен шыққан өрт сөндіруші шартты өртті ауыздықтады. Бұндай көріністі көрген балғындар қуаныштарын жасырмады. Алда оларды бұдан да көп қызықтар күтіп тұрған еді. Балалар 4 топқа бөлініп, олардың әрбіреуіне құтқарушылар қолданатын негізгі құралдар таныстырылды.
Мысал үшін, астаналық суда-құтқару қызметінің мамандары балаларға судағы қауіпсіздік шарттарын түсіндіріп, сүңгуірлердің жабдықтарын көрсетті. Басқарманың мамандары өрт техникасын көрсетіп, өз жұмыстары жайында айтты. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі жайында жадынамаларды балаларға тарту етті. Бұдан бөлек, 10 қабатты үйдей биіктікке өрт кранының көтерілуін де балалар тамашалаған еді. Бұдан соң, балғындар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мұражайына барып, онда мұражай меңгерушісі Құралай Тұяққызы балаларды елорданың өртке қарсы қызметінің тарихымен таныстырып, астаналық ТЖД қызметкерлерінің нағыз ерліктері жайында бейне фильмді назарларына ұсынды.
Іс-шараның соңында, «Алматы» ауданы ТЖБ қызметкерлері балалармен қоштасып, оларға сақтық шараларын естен шығармауды тапсырды. Ал балалар өз кезектерінде, сіріңкені ермек қылмайтындықтарын, ересектердің жанында ғана суға түсетіндіктеріне уәде етті. Осылайша, балалар үшін бұл күн өте қызықты әрі пайдалы өтті.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді