• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕҚДБ Алматы әкімдігінің муниципалды облигацияларын алғашқылардың бірі болып сатып алуға дайын екендіктерін білдірді

ЕҚДБ Алматы әкімдігінің муниципалды облигацияларын алғашқылардың бірі болып сатып алуға дайын екендіктерін білдірді

3 Маусым, 2015 19:02
Алматы әкімі Ахметжан Есімов Европалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Қала басшысы Алматы мен ЕҚДБ арасындағы ұзақ мерзімдік байланыстың өз жемісін бергенін атап өтті, соның арқасында 2009 жылы құны 121 млн. АҚШ доллары болатын 4 жоба жүзеге асты. Қазіргі кезде жалпы құны 178 млн. АҚШ доллары болатын қаланың көшелерін жарықтандыру мен жылу беру жүйесін модернизациялау жөніндегі 2 ірі жоба жүзеге асуда. Бұл жобалар Қазақстанның «жасыл экономика» стратегиясы аясында қолға алынуда.

«Біздің Европалық қайта құру және даму банкімен нәтижелі жұмыс жасауымыз жеке шетелдік инвесторларды елең еткізуде. Мұнда инвесторлар үшін барлық жағдайлар жасалған, бизнес- ахуал да тартымды және басшылық тарапынан міндеттеменің оырндалуына мықты кепілдік бар», - деді Ахметжан Есімов.

Әкім қала шаруашылығының барлық секторларының байланыс аясының арта түскендігін атап өтті. Бүгінгі күні ЖРК желісі мен ТҚҚ өңдеу полигоны құрылыстарының жобаларын дайындау да аяқталып қалды.

Өз кезегінде ЕҚДБ басшысы Сума Чакрабарти Алматымен одан әрі іскерлік байланыста болуға дайын екендіктерін жеткізді.

«Біздің жемісті іскерлік байланысымыз өзге елдер үшін жоғары деңгейде үлгі болуда. ЕҚДБ қала шаруашылығында үлкен маңызға ие ЖРК желісі мен ТҚҚ өңдеу полигонын жобаларын жүзеге асыруға қолдау білдіреді. Бірақ біздің байланысымыз бұлармен шектеліп қалмақ емес, біз Алматы әкімдігінің муниципалды облигацияларын алғашқылардың бірі болып сатып алуға дайынбыз»,- деп атап өтті Сума Чакрабарти.

Сөзінің соңында ЕҚДБ басшысы 24-ші Қысқы Олимипада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алуда табыс тіледі.

 

Барлық жаңалықтар