• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да ЖӘҰК құрамына кіретін ІІМ бөлімдері бастықтарының жедел жиыны өтуде (ФОТО)

ШҚО-да ЖӘҰК құрамына кіретін ІІМ бөлімдері бастықтарының жедел жиыны өтуде (ФОТО)

3 Маусым, 2015 18:37
ШҚО-да ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің (ЖӘҰК) құрамына кіретін ІІМ бөлімдері бастықтарының жедел жиыны өтуде.

Жедел жиын басқару құрамының кәсіби біліктілігін арттыру, жаңа үлгілерді игеру, ҰҚШҰ-ның ЖӘҰК құрамына кіретін ІІМ бөлімдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында өткізіледі, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

«Жедел жиынды ашу салтанатты шаралары Даңқ мемориалына қатысушылардың гүл шоқтарын қою рәсіменен басталды.  ҚР Ұлттық гвардиясының 5518 РгК «Шығыс» әскери бөлімінде жедел жиынның ашылуы өтті, оның басты тақырыбы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің арнайы бағыттағы күштерді жасақтау дайындығын жетілдіруге арналған», - делінген хабарламада.

«ЖӘҰК  міндеті  - қатысушы мемлекеттердің аумағын және шекарасын қарулы басқыншылардан қорғау, террозиммен, лаңкестікпен, есірткімен күресу», - деп атап өтті ҰҚШҰ  бас хатшысының орынбасары генерал-полковник В.Семериков.

Жалпы, шара жедел жиынға қатысушылар  жедел-әскери топтардың іс-жүзіндегі әрекеттерін тамашалаумен аяқталады.

Барлық жаңалықтар