ҚР Бас Прокуроры жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады

3 Маусым, 2015 20:04
Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды қабылдады. Бұл жолы арызданушылардың берген өтініштері азаматтық істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ уәкілетті органдардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде шығарған шешімдеріне қатысты болды, деп хабарлады Бас прокуратура.

А.Дауылбаев қабылданған барлық өтініштерді жан-жақты тексеріп, заңдылықтың бұзылғандығы анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актілерін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінен тиісті шаралар қолдануды тапсырды.

Өткен жолы азаматтарды қабылдау кезінде түскен Р.Нұрбекованың өтінішін қараудың нәтижесі бойынша Бас Прокурор өтініш берушінің бауыры Н.Нұрбековке қатысты әкімшілік іс бойынша сот актілеріне қадағалау наразылығын енгізу туралы ұсынысты қанағаттандырды.

А.ж. 20 мамырда Жоғарғы соттың қаулысымен Бас прокуратураның наразылығы толығымен қанағаттандырылды. Н.Нұрбековке қатысты шығарылған 15 АЕК көлемінде айыппұл төлету және 1 жылға автокөлік басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты сот актілерінің күші жойылды. Осы құқық бұзушылық арқылы келтірілген шығынның шағын болуына орай, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

 

Барлық жаңалықтар