- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ әскери білім жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық саласында жаңа құрылым құруды ұсынады
ҚР ҚМ әскери білім жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық саласында жаңа құрылым құруды ұсынады
Отырыста халықаралық армия ойындарын, ӘШҚҚ біріккен жүйесі әскерлерінің (күштерінің) «Жауынгерлік достастық – 2015» бірлескен оқу-жаттығуын, курсанттардың халықаралық олимпиадасын өткізу мәселелері қаралды, сондай-ақ ұйымдық және практикалық іс-шаралар қосылған 2016 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Әскери кадрларды даярлау, жоғары әскери оқу орындары курсанттарының білім алуын ынталандыру, педагогикалық қызметпен тәжірибе алмасу аясында халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән берілді.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери оқу орындары басшыларының үйлестіру кеңесін құруды ұсынды. Бұл саладағы ынтымақтастықтың оң тәжірибесі бар және ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бірыңғай білім кеңістігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
«Әскери жоғары оқу орындары арасында ТМД-ның білім алаңында олардың әлеуеттерін біріктіретіндей және сәйкесінше олардың арасында өзара іс-қимылды үйлестіретіндей мұндай ұйымдар жоқ. Оқу орындарының заманауи өзара іс-қимыл жасау үлгілерін мойындай отырып және ТМД Қорғаныс министрлері Кеңесімен сәтті іске асырылып жүрген интеграциялық процестерді әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери оқу орындары басшыларының үйлестіру кеңесін құруды ұсынады», - деп Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев хабарлады.
«Үйлестіру кеңесі ТМД-ның әскери жоғары оқу орындары арасында тиімді өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу үшін қажетті сұхбаттасу алаңына айналмақ. Оның қызметі әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, әскери оқу орындарының білім беру әлеуетін дамыту мәселелеріне, сондай-ақ әскери оқу орындарының оқу, әдістемелік және ғылыми жұмыстағы тәжірибесімен және жетістіктерімен алмасуға бағытталатын болады», - деп Рыспаев атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі