- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бірнеше әскери бөлімі бір уақытта тексерілді (Фото)
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бірнеше әскери бөлімі бір уақытта тексерілді (Фото)
Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, сапар мақсаты – жеке құрамның жауынгерлік машық деңгейін, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, жауынгерлік кезекшілік атқарудың ұйымдастырылуын, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мен моральдық-психологиялық жай-күйді тексеру.
Кешенді тексеріске бір уақытта бірнеше әскери бөлім ұшырады, онда олар жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. ӘҚК бас қолбасшысы күндізгі және түнгі жағдайларда ұшуларға дайындықты және олардың орындалуын, ұшқыштардың ұшу тапсырмаларын сапалы орындауы мен ұшақты басқару техникасын тексерді.
Одан басқа, түнгі уақытта 2 сағат бойы кезекші күштердің (экипаждардың) әуеде жауынгерлік кезекшілікті іс-жүзінде атқаруы тексерілді. 21642 ә/б техникалық пайдалану бөлімінде авиациялық техникаға регламенттік жұмыстар жүргізу барысы тексерілді. Талдықорған гарнизонындағы жұмыс барысында ӘҚК бас қолбасшысы авиациялық базада практикалық тағылымдамадан өтіп жатқан ӘҚК Әскери институтының курсанттарымен кездесіп, сұхбаттасты.
«Командирлер мен нұсқаушылар жас мамандардың техникамен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы болуы және оларға жүктелген міндеттерді сәтті орындау үшін тиісті деңгейде оқытуы тиіс. Курсанттар институтта алған білімдерін шебер қолдануы, жауынгерлік техниканы жақсы білуі, қажет болған жағдайда оны жауынгерлік жағдайда сауатты қолдана білуі маңызды, - деді Нұрлан Орманбетов. Тексеру соңында әскерлер қызметі және тәртіпті нығайту бойынша кеңестер берілді, әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарларына қажетті көмек көрсетілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы