- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Ситигруп» компаниясының Қазақстандағы қызметінің маңыздылығын атап өтті
Н.Назарбаев «Ситигруп» компаниясының Қазақстандағы қызметінің маңыздылығын атап өтті
Кездесу барысында Кеңес қызметінің басты бағыттары, сондай-ақ Қазақстанның бұдан әрі қарай дамуының бес институционалдық реформаны қамтитын негізгі жоспарлары талқыланды.
Мемлекет басшысы компанияның біздің елдегі жұмысын және шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«Біз «Ситигруп» сияқты ірі конгломератпен ынтымақтастықты бағалаймыз. Компания Қазақстанда белсенді жұмыс атқарып отырғанын және оның еліміздің экономикасын дамытуға қатысу әлеуеті зор екенін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта біз бизнес жүргізу үшін заңнаманы жетілдірумен айналысып жатырмыз, сондықтан сіздің топтың осы үдерістегі тәжірибесі мен көмегі біз үшін өте маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дж. Коулз Қазақстан Президентіне елде шетелдік корпорациялардың жемісті инвестициялық қызметіне жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты.
«Таяу уақытта біздің компанияның Кеңес жұмысына көмегі өте құнды болуы мүмкін деп есептейміз. Біз Қазақстанға 1994 жылы келдік. Көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз Қазақстанның әлеуеті мен болашағына сенеміз. Ел алдына қойылған міндеттер жете ойластырылған әрі сараланған деп санаймыз», – деп атап көрсетті «Ситигруп» компаниясының бас атқарушы директоры.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары