- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне дайындалуда
Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне дайындалуда
«Жаһандық деңгейдегі қауіатер мен қатерлердің шиеленіскен тұсында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі осы діндер мен өркениеттер арасында диалог қалыптастыратын маңызды институттардың бірі болып отыр. Съездің осыған дейін жиындарында оған ислам, христиан, иудаизм, буддизм мен өзге де дәстүрлі діндердің танымал өкілдері қатысты. Халықаралық форум халықтар мен мемлекеттер арасында бейбітшілік пен ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды бөлік болып табылады және оның бүкіл әлеуеті ғаламдағы шиеленістерді тұрақтандыруға бағытталған»,-деді И.Адырбеков.
Депутат халықаралық сарапшылардың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V съезі «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен бірлік жолындағы диалогы» тақырыбында өтіп жатқандықтан ол конфессияаралық келісімді нығайтуға үлес қосатындығын айтып жатқандығын жеткізді.
«Бүгінде съезд жұмысына әлемнің 42 мемлекетінен 80 делегация қатысуға ниет білдірді, олардың арасында 14 дәстүрлі дін өкілдері бар. Шара аяқталған соң бесінші съездің қатысушыларының астаналық декларациясы қабылданады»,-деді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі 2015 жылдың 10-11 маусымы аралығында Астанада өтеді.
Ботагөз Айтжанова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар