• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Патриоттық автобус» акциясы өтті

Көкшетауда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Патриоттық автобус» акциясы өтті

3 Маусым, 2015 17:32
Көкшетауда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Патриоттық автобус» акциясы өтті.

«Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік рәміздер-ту, елтаңба және әнұранға құрметпен қарауды насихаттау болып табылады», - делінген хабарламада.

Акция аясында Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында мемлекеттік рәміздер туралы тарихи экскурсия ұйымдастырылды.

Қорытындысында қатысушы-жолаушылар «Атамекен» патриоттық әнін орындады.

Акцияға қаланың 1000 тұрғыны қатысты. 

Барлық жаңалықтар