- Басты
- Жаңалықтар
- Байқоңырда 6 қазақ мектебі мен 1 балабақша қазақстандық стандартқа толық көшеді
Байқоңырда 6 қазақ мектебі мен 1 балабақша қазақстандық стандартқа толық көшеді
Комиссия отырысында тараптар Байқоңыр қаласы мен Ақай, Төретам елді мекендерін дамыту, ондағы әлеуметтік саланы жандандыру, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасының орындалу барысын талқылады. Жиыннан соң ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев журналистерге сұхбат беріп, талқыланған мәселелер жөнінде баяндап берді.
«Білім беру, денсаулық сақтау салаларында бірқатар мәселелер болды. Осы жиын барысында оң шешім табуға қол жеткіздік. Мәселен, Байқоңырдағы 6 қазақ мектебі мен 1 балабақша қыркүйек айында қазақстандық стандартқа толық көшеді. Ал перзентхана бойынша құжаттарға байланысты кемшіліктер болып тұр. Екі ай ішінде бұл мәселелер қаралады. Егер Ресей тарапынан қолдау таппаған жағдайда өзіміз қаржыландырып, перзентхананы іске қосатын боламыз», - деді Б.Сағынтаев.
Сондай-ақ «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің бірлескен жобасы талқыланды. 2021 жылы бұл кешеннің құрылысы басталады. Оған дейін қажетті мамандар даярланатын болады. Айта кетейік, ғарыш кеңестігіне үшінші Қазақстан азаматын ұшыру жөнінде екі тарап келісімге келді. Енді оның уақытын Ресей тарапы белгілейтін болады.
Туризм саласын дамыту мәселесі де сөз болды. Ғарыш кеңестігі мен Қорқыт ата кешеніне туристерді көптеп тарту мақсатында жобалар дайындалады. Бұл салада бірлесіп атқарар жұмыс ауқымды.
Кездесу нәтижесінде тараптар Қазақстан мен Ресей ғарыш саласында ынтымақтастықты әлі де тереңдете түсуге ынталы екенін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция