ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша бір адам 125 балл алды - ҚР БҒМ

3 Маусым, 2015 10:37
ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 125 балл жинаған Ердосова Гүлназ Жандосқызы Тараз қаласының № 45 классикалық қазақ гимназиясының оқушысы, деп хабарлады ҚР БҒМ.

ҰБТ 48 пунктте өтті. 19 743 өтініш берген түлектен 18 889 (95,5%) тестілеуге қатысты. 27 түлек шығарылған.3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 3 фотоаппарат, 5 рация, 12 роутер және 1 модем, барлығы: 7 725 тыйым салынған заттар тәркіленді. 2014 жылы – 7 874.

Орташа балл – 79, 7%. 2014 жылы – 76, 8%.50 балл шекті деңгейден өте алмағандар - 3 478 (18,4 %). 2014 жылы – 6 233 (23,8%).

125 балл жинаған - 1: Ердосова Гүлназ Жандосқызы: № 45 классикалық қазақ гимназиясы, Тараз қ. (2014 ж. – 1).100 баллдан жоғары жинағандар - 3 409 (18,1 %). 2014 жылы –  3 797 (14,5%).

Министрліктің ҰБТ ережесін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысқа қарамастан Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында біреудің орнына дайындаған адамдар анықталып, олардың нәтижесі жойылды.

Тестілеу нәтижесі ҰБТӨП тақтайшалырына ілінумен қатар,  www.testsenter.kz ҰТО сайтына да енгізіледі.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар