- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да тамызға дейін 3 балабақша пайдалануға берілмек
ШҚО-да тамызға дейін 3 балабақша пайдалануға берілмек
Шаһарда «Балалар планетасы» мен «Балдәурен» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік аясында салынса, «140 балаға арналған балабақшаның» құрылысы мемлекеттік тапсырыспен жүргізілуде.
Қос балабақша 300-ге жуық балаға, «Балдәурен» 420 балаға арналған. Балабақшалардың екеуін шілденің соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Ал 150 балаға шақталып салынған «Балалар планетасы» бүлдіршіндерді қабылдауды бастап кеткен.
Аталмыш балабақшаның директоры Расул Құрбанов осы уақытқа дейін 67 бала тіркелгенін айтып өтті. Оның айтуынша, бала саны толтырылған жағдайда құрамда жасақталған 3 топтың бірі мемлекеттік тілде болмақ. Өңір басшысы Даниал Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы Риддерде табысты түрде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
«Мердігерлер мемлекет тарапынан тапсырыс алып, жеке бизнесін өркендетіп, мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік өз жемісін беріп отыр. Бұл қарқынмен Риддер қаласындағы балабақша жетіспеушілігі мәселесі бір жылда, ары кетсе бір жарым жылда шешімін табатын болады», – деді облыс әкімі.
Айта кету керек, Риддер қаласы бойынша жаңа туған нәрестемен есептегенде 2300 бала болса, оның 900-і балабақшаға кезекте тұр.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді -
ИНФОГРАФИКА: ТМД-да тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші қандай -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Әскерге шақырту қағазы SMS түрінде жіберілмек