ЕЭК 2014 жылдың жұмыс нәтижесі мен 2015 жылға арналған жоспарлармен бөлісті

3 Маусым, 2015 10:03
Еуразиялық экономикалық комиссия 2014 жылдың жұмыс нәтижесі және 2015 жылға арналған жоспарлар туралы есепті жариялады, деп хабарланған ЕЭК-тің ресми сайтында.

«Комиссия қызметінің негізгі қорытындысы  2014 жылдың мамыр айында Беларусь, Қазақстан мен Ресей мемлекеттері президенттерінің Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоюы болды, аталмыш Одаққа кейіннен Армения мен Қырғызстан қосылды»,  деп атап өтті ЕЭК Коллегиясының төрағасы Виктор Христенко.

ЕЭК Коллегиясының төрағасы Виктор Христенконың айтуынша, 2014 жыл интеграция тұрғысында алып қарағанда өте табысты болды. 2014 жылдың қазан айында ЕАЭО-ға Армения Республикасының 2015 жылдың 2 қаңтарынан бастап, 2014 жылдың желтоқсанынан бастап  Қырғызстан Республикасының қосылуы туралы келісімге қол қойылды. Жақын арада Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары аталмыш келісімдерді ратификациялауы тиіс.

«Бұдан басқа, 2014 жылы Комиссия ЕАЭО-ның Кедендік кодексін жасақтауға кірісті. Аталмыш құжатта мүше мемлекеттердің нақты мүмкіндіктері ескеріледі және электронды құжат айналымына көшіру көзделген. Бұл өз кезегінде уақытты үнемдеуге және кедендік рәсімдеуге қажетті құжаттар санын азайтуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ал, қазіргі таңда ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға әлемнің 40-қа жуық мемлекеті қызығушылық танытып отыр. Сонымен, 2015 жылдың 29 мамырында ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Вьетнамом еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойды. ЕСА құру сауда айналымын айтарлықтай арттырады және жауапкершілікті арттырады. Себебі, ЕАЭО сауда тауарлары сапасының жаңа стандарттарын жасақтайды. Сонымен қатар, ЕАЭО-мен ЕСА құруға Израиль, Мысыр, Үндістан және өзгеде мемлекеттер қызығушылық танытып отыр.

Барлық жаңалықтар