- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының 1700 мемқызметкері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша курсты аяқтады - әкімдік
Павлодар облысының 1700 мемқызметкері мемлекеттік тілді меңгеру бойынша курсты аяқтады - әкімдік
Тілдер басқармасы ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында Павлодар облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес 64 мемлекеттік мекемеде тіл заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жоспарлаған. Бүгінгі таңда 51 мемлекеттік органда жоспарлы тексеру жүргізілген. Қалған 13 мемлекеттік мекеме ағымдағы жылдың 22-25 маусым аралығында тексерілетін болады.
Аппараттық кеңесте мемлекеттік қызметшілерді қазақ тілін үйрену деңгейі де сөз болды. Өңірде мемлекеттік қызметшілер жыл сайын қазақ тілін оқу курсына барады. Соңғы үш жылда 1705 мемлекеттік қызметші қазақ тілі курстарынан өткен.
Ағымдағы жылы облыс бойынша тілдерді оқытуға 20812,4 мың теңге бөлінген. 2015 жылы 874 мемлекеттік қызметші, соңғы екі жыл ішінде жалпы 4325 мемлекеттік қызметші «Қазтест» жүйесі арқылы алдын ала байқау сынағынан өткен. Тест сынағын тапсырған 4325 мемлекеттік қызметшінің тек 34-і «Қазтест» байқау сынағынан өтпеген.
Облыстағы мемлекеттік мекемелерде және мәдени ошақтарда ілеспе аударма жасайтын қондырғылар орнатылып, бүгінгі күні жиналыстар мен мәжілістерде қажеттілігіне қарай ілеспе аударма жасау қондырғылары қолданылады. Тек өңірдің Баянауыл, Май және Ақтоғай аудандары ғана ілеспе аударма қондырғыларымен қамтылмаған. Себебі, аталған аудандарда ілеспе аударма арқылы іс-шара өткізудің қажеті шамалы екен.
Сонымен қатар, облыстың тілдер басқармасы өңірдің кәсіпкерлік субъектілерінде көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде ресімделуін тексеру бойынша жоспарлы мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда өңірдегі 2766 нысан тексеріліп, 174 ұсыным хат жолданған. Оның ішінде Павлодар қаласы 171, Екібастұз қаласы 104, Ақсу қаласы 36 нысанға мониторинг жүргізсе, аудандар 10-20 аралығында нысандарды қамтыған. Басқарма тарапынан осындай мониторинг 2202 нысанға жүргізіліп, 102 ұсыным хат жолданған.
Мемлекеттік органдар сайттарының ақпараттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Бүгінгі таңда облыс басқармаларында қазақ тіліндегі мәтіндерді, ақпараттарды жүйелі түрде жаңартып отыру тиісті жолға қойылмаған. Мүлдем ілінбейді немесе кешіктіріліп шығады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты