- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында 11 электрондық таразы орнатылды
Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында 11 электрондық таразы орнатылды
Қазіргі уақытта қондырғы сертификаттаудан өтті және пайдалануға берілуде.
«Пилоттық жоба аясында қолданылған электрондық таразылар қазіргі қолданыстағы көліктік бақылау бекеттерінің қызметімен салыстырғанда айтарлықтай тиімді екенін дәлелдеді. Біріншіден, көліктік бақылау қызметкерлерімен жүргізушілердің тікелей өзара жүздесуі болмайды, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға септігін тигізеді. Екіншіден, электрондық таразылар жүріп өткен әр автокөлік құралын тексеруге мүмкіндік береді», - деп Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әсет Асаубаев мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында пилоттық жоба ретінде қолданысқа енгізілген салмақ өлшеудің 3 электрондық жүйесінің көмегімен 238 мыңнан астам автомобиль тексерілді. Ал, осы уақыт аралығында барлық стационарлық бекеттер арқылы тексерілген автокөлік құралының саны 74 592 құрағанын айтып өту керек.
Әсет Асаубаевтың ақпаратына сәйкес, «келесі жылы мұндай электрондық таразылардың санын 31-ге, ал одан кейінгі жылы 80-ге жеткізу жоспарда бар. Салмақ өлшеудің электрондық жүйесінің орнатылуына байланысты көліктерді бақылаудың стационарлық бекеттері біртіндеп жабылатын болады».
Сондай-ақ, ҚР Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен ағымдағы жылы көліктік бақылаудың 4 стационарлық бекеті жабылғанын айтып өткен жөн. Бүгінгі күні мұндай 7 стационарлық бекет жұмыс істейді. Ал, 2011 жылдың қаңтарында олардың саны 16 болатын.
Электрондық таразылар орнатылған жол учаскелерінде жұмыс істейтін көліктік бақылаудың жылжымалы бекеттерінің жұмыс принциптері де өзгереді. Ендігі жерде олар салмақ өлшеудің электрондық жүйесі анықтаған автокөлік құралдарын ғана тоқтатып, оларға айыппұл сала алады. Келер жылдың қаңтар айынан бастап айыппұл салынғаны жөніне ескертулер автокөлік құралының иесіне пошта арқылы да жіберілетін болады.
Автокөлік құралдарының салмақ параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесі еліміздің жолдарын уақытынан бұрын бұзылудан сақтау, Көліктік бақылау комитетінің қызметін модернизациялау жөніндегі іс-шаралар аясында бақылау процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында қолданысқа енгізіліп отырғанын есетеріңізге салып өткіміз келеді. (КБК 2.0).
Осыған ұқсас салмақ өлшеу жүйелері Германия, Польша, Литва, Оңтүстік Корея және т.б. елдерде қолданылады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады