Ақмола облысында жаңа балабақша ашылды (Фото)

3 Маусым, 2015 08:38
Астарахан ауданы Старый Колутон ауылында «Балапан» бағдарламасы аясында «Ақбота» балабаұшасы ашылды, деп хабарлады «Ақмола медиа орталығы».

Балабақша 60 адамға шақталған, инфрақұрылым балалардың 3 тобын қабылдай алады, акт залы, спорт залы және медициналық кабинет бар.

Балабақшаның ашылуы – аудан мен ауылдың өмірінде болып жатқан маңызды оқиға, сондықтан да оған аудан әкімі, аудан мәслихатының хатшысы, ауыл әкімдері, ардагерлер қатысты.

Балалар мен ата-аналарды Астрахан ауданының әкімі Талғат Ерсейітов құттықтады.

Айта кетерлігі, балабақшаның ішкі тұрқы жанға жайлы, ыңғайлы етіп әспетелеген. 

Барлық жаңалықтар