- Басты
- Жаңалықтар
- Санта-Фе штатында қазақстан-аргентина екі жақты ынтымақтастықтың даму мүмкіндіктерін талқыланды
Санта-Фе штатында қазақстан-аргентина екі жақты ынтымақтастықтың даму мүмкіндіктерін талқыланды
ҚР СІМ хабарлағандай, Штат губернаторы А. Бонфатти және Рафаэла қаласының мэрі Р. Лузитимен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен болашақ мүмкіндіктері, Санта-Фе штатының кәсіпкерлері мен Қазақстан өңірлері арасындағы байланыстарды құру туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, Қазақстанда жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға штат кәсіпкерлерінің қатысу мәселелері талқыланды.
«Екіжақты қазақстандық-аргентиналық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жоғары әлеуеті мен бағыттары белгіленді, қазақстандық әріптестермен ауыл шаруашылығы мен тау-кен металлургия кешені, құрылыс және жаңа технологиялар саласында ынтымақтастықты дамыту аргентиналық тараптың қызығушылығын тудырды», - делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша, Аргентинаның іскерлік топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті.
Б. Ордабаев также дал ведущему телевизионному каналу Аргентины «UFQC» интервью, в котором рассказал о некоторых аспектах и заинтересованности сторон в продвижении взаимовыгодных торгово-экономических отношений.
Б. Ордабаев Аргентинаның «UFQC» жетекші телевизиялық арнасына сұхбат беріп, өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастарды ілгерілетудің кейбір жақтары мен тараптардың мүдделілігі туралы баяндады.
Елші Халықаралық конгрестің шеңберінде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және оның экономикалық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Қазақстан экономикасының дамуының ағымдағы жағдайы мен келешегі туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, шетелдік бизнес пен инвестициялар үшін Қазақстанда жасалған жағдайлар мен құрылған преференциялар, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» секілді ірі халықаралық іс-шаралар туралы мәлімдеді.
Жалпы Санта-Фе штатына жұмыс сапары аясында Оңтүстік Америка елдерінің 30-дан астам бизнес-қауымдастықтары және сауда палаталары, атап айтқанда «МЕРКОСУР» және «УНАСУР» аймақтық халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Аталып өткендей, конгресске Оңтүстік Америка елдерінен 250-ден астам компаниялар мен кәсіпорындар, құрлықтағы өңірлік билік органдары және іскерлік топтарының, сондай-ақ Аргентинада тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты