- Басты
- Жаңалықтар
- «Astana Pro Team» велокомандасы EXPO-2015 көрмесіне арналған Қазақстан павильонында болды (ФОТО)
«Astana Pro Team» велокомандасы EXPO-2015 көрмесіне арналған Қазақстан павильонында болды (ФОТО)
2015 жылдың 1-маусымында Қазақстанның велоспорт федерациясының президенті Д.Кәлетаев бастаған «Astana Pro Team» командасы еліміздің Велоспорт федерациясының вице-президенті Р.Батаовпен бірге Миландағы ЭКСПО-2015 көрмесіндегі қазақстанның павильонын тамашалады, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«31 мамырда спортшылар Халықаралық Giro d’Italia 2015 жарысын жеңіп алып, «Үздік команда» аталымына лайықты деп танылды, ал шабандоздар Фабио Ару мен Микель Ланда бас класификация бойынша 2-ші және 3-ші орындарды иеленді. Команданың велокөпкүндіктегі жеңістеріне арасына таулы аймақтардағы бес жеңісі мен Фабиу Арудың Ең мықды жас шабандоз аталымын қосуға болады»,-делінген хабарламада.
Хабарламада Қазақстан павильонының сахнасында жеңімпаздардың велосипедтері қойылғандығы айтылған.
«Үлкен кәсіби спорт пен ЭКСПО сияқты кең ауқымды шаралардың ұйымдастырылуы бір тетікке, яғни Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жұмыс істейді. «Астана» велокомандасы міне, 10 жылдан бері Қазақстанның атынан әлемдік кәсіби велоспорт жарыстарына қатысуда. Біз ЭКСПО-2017 сияқты үлкен шаралардың ұйымдастырылуының бір бөлігі болып отырғандығымызға қуаныштымыз»,-деді Олимпиада чемпионы және «Astana Pro Team» командасының Бас менеджері Александр Винокуров.
Құрамында италиялық спортшылары бар велокоманда мүшелерінің келуі көрмеге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды және олар әйгілі спортшылардың қолдарын қойғызып жатты. Іс-шара ірі италиялық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталды. Ал, қазақстандық спортшылар болса, бірнеше минуттардың ішінде қазақтың ежелгі тарихынан бастап бүгінгі күнге деййінгі тыныс-тіршілігін бейнелейтін «Құм шоуын» көріп таңдай қағысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»