- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 автожол жобасын жүзеге асыруды жоспарлануда – Әліпов
Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 автожол жобасын жүзеге асыруды жоспарлануда – Әліпов

Автошеру аясында Алматыда Халықаралық конференция өтіп, онда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов, компанияның қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімелеп, алдағы жоспарымен бөлісті.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бүгінгі таңда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11 автожол жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олар: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы-Өскемен, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Астана-Петропавл-РФ шекарасы, Орал-Тасқала, Астана қ. оңтүстік-батыс айналма жолы, Жетібай-Жаңаөзен, Ұшарал-Достық. Жол құрылысына пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының 90% отандық өнім екенін айта кеткен жөн», - деп мәлімдеді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта, Астана мен аймақтардың арасындағы көлік қатынасын жақсарту мақсатында бірқатар автомобиль жолдарында қайта жаңарту және құрылыс жұмыстары жұріп жатыр. Орталық-Оңтүстік бағыты бойынша 273 шақырым жолда, Орталық-Шығыс жобасы бойынша 570 шақырым жолда, батыс бағытта Ақтау-Бейнеу арасындағы жолда қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау көзделген.
«Автомобиль саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту мақсатында Компания, ҚХР «ЭксИмБанкімен» шамамен 2,5 млрд доллар көлемінде қарыз /займ/ алуға әрекеттеніп жатыр. Бұл қаржыға Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай және Меркі-Бурылбайтал арасындағы, жалпы 1,5 мың шақырым жолды қайта жаңарту жоспарланған», - деп атап өтті Ұ.Әліпов.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша автомобиль жолдары саласына 2,4 трлн. теңге жұмсау жоспарланған. 2020 жылға дейін 7 500 шақырымнан астам жол қайта жаңартылып, астана мен аймақтардың арасына жаңа тас жолдар салынады. Бұл шаралар аймақтардың бірдей дамып, еңбек күшінің еркін айналымына, халықтың қауіпсіз қозғалысына мүмкіндік береді. Көлік қозғалысы артып, жол бойындағы өзге салалардың дамуына да мультипликативтік әсер етіп, аймақтардың экономикалық-әлеуметтік дамуына зор ықпалын тигізеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты

