• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатор Р.Акимов ОА-дағы көші-қон проблемаларына арналған халықаралық конференцияға қатысуда

Сенатор Р.Акимов ОА-дағы көші-қон проблемаларына арналған халықаралық конференцияға қатысуда

2 Маусым, 2015 18:49
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рашит Акимов Бішкек қаласында (Қырғызстан)«Орталық Азиядағы көші-қон проблемалары» тақырыбымен өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Конференцияның мақсаты аймақта көші-қон мәселесі бойынша жұмыс істеп жүрген  парламентарийлер мен ҮЕҰ-ның басын қосу.

Аталып өткендей, делегаттар Қырғызстандағы және Орталық Азиядағы көршілес елдердегі  көші-қон проблемаларын талқылап, оны шешу жолдарын қарастыратын болады. 

Барлық жаңалықтар