• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда терапия мен кардиология қызметтерін ұйымдастыру жұмыстары талқылануда

Алматыда терапия мен кардиология қызметтерін ұйымдастыру жұмыстары талқылануда

2 Маусым, 2015 18:23
Алматыда ҚР «Халықтың денсаулығы – Қазақстанның сәтті дамуының кепілі» атты тақырыпта IV терапевттер съезі мен VII Кардиологтар конгресі басталды. Шараны еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен осы министрлікке қарасты Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу инстиуты және ҚР терапевттер мен кардиологтары қауымдастығы бірігіп ұйымдастырды.

Шараға Түрік әлемі кардиологтар қауымдастығының президенті Омер Қозан, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Жапония, Австрия, Португалия, Сербия, Словакия, Румыния, Болгария, Литва, Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты мемлекеттердің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен еліміздің аймақтарының денсаулық сақтау саласының басшылары мен кардиологтар және терапевттер қатысады. 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтерінше, 2-5 маусым аралығында съез бен конгрес аясында терапевттік және кардиологиялық қызметті ұйымдастыру мен терапевттік және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу мен диагностикалауда жаңа медициналық технологияларды қолдану жұмыстары талқыланады. Сонымен қатар, бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсету шараларын ұйымдастыруда емдеу-диагностикалық жұмыстарын жүргізу мәселелері, кардиологиялық және терапевттік ауруларды емдеу мен оның алдын алу, зертханалық және қызмет диагностикаларындағы инновациялар сияқты мәселелер сөз болады.   

Шаран аяқталысымен Қазақстандағы терапветтік және кардиологиялық қызметтерді жетілдіру жолдары нақтыланатын резолюция қабылданады.   

Барлық жаңалықтар