- Басты
- Жаңалықтар
- Париж қаласында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» Тіркеу құжатын таныстырды
Париж қаласында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» Тіркеу құжатын таныстырды
ҚР делегация жетекшісі Атқарушы комитеттің соңғы отырысынан (2013 ж. 7 мамыр) кейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыс туралы, сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне шетелдік қатысу бойынша жұмыс тобының қызметі туралы, Казақстанның ХКБ алдындағы міндеттемелерді орындауы және Көрмені ұйымластырудың құқықтық негіздермен қамтамасыз етілуі туралы толық ақпарат жеткізді.
Жалпы, «ЭКСПО-2017» Комиссары қазақстандық тараптың Көрмені сапалы дайындау мен өткізу бойынша тиісті шаралардың жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ өкілдері қазіргі уақыттағы жұмыстың желісін, оның ішінде Тіркеу құжатының дайындық деңгейін және оның Көрме тақырыбы, іскерлік жоспар, коммуникациялық жоспар, коммерциялизациялау жоспары, қаржы жоспары және көрмеден кейінгі қолдану сияқты тармақтарын таныстырды. Компанияның алдағы уақыттағы жоспарлары да талқыланды.
Таныстыру қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің басшылығы мен мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық деңгейіне оң бағасын берді.
2014 жылдың маусымында 155-ші Бас Ассамблея отырысында Тіркеу құжатын мақұлдау, «ЭКСПО-2017» көрмесін ресми мойындау және ХКБ-ның туын алу жоспарлануда.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды