АҚШ елшісі: Қазақстан үлкен реформалық бағдарламаға бет алды

2 Маусым, 2015 17:48
Қазақстан үлкен реформалық бағдарламаға бет алды, деп мәлімдеді ҚР-дағы АҚШ Елшісі Джордж Крол Астанадағы қазақстандық-америкалық бизнес форумы барысында.

«Қазақстан үлкен реформалық және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламаға бет алды, оның мақсаты Қазақстанды экономика дамуының жаңа деңгейіне көтеру, атап айтар болсақ бизнес саласында»,- деді елші.

Д.Кролдың айтуынша, бизнес форумның негізгі мақсаты екі ел арасындағы байланыс кеңістігін кеңейту. «Қазақстанда болған уақыт ішінде мені мұндағы экономика мен өзге салалардың даму динамикасы таңқалдырып келеді. Менің ойымша бүгінгі форум екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан ары дамуына серпін береді»,- деп мәлімдеді Д.Крол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қазақстандық-американдық бизнес-форум өтуде, оған 25-тен астам компаниялардың өкілдері қатысуда. Аталған компаниялар инфрақұрылымдық, энергетикалық салаларда, қызмет етеді, сондай-ақ, олардың арасында ауыл шаруашылығы мен құрылыс және туризм салаларына маманданғандары бар.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар