- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Балапан» бағдарламасы аясында екі балабақша ашылды
Ақтөбеде «Балапан» бағдарламасы аясында екі балабақша ашылды
«Үш қабатты «Айлин» мектепке дейінгі ұйымы заманауи талаптарға сай және тәрбиеленушілерге жоғары деңгейдегі жағдай ұсынатын жобамен жасалған. Жалпы алаңы -3714,6 шаршы метр, 320 орындық бұл ғимаратта 12 топ қамтылады», - делінген хабарламада.
№47 «Нұр-Ай» мектепке дейінгі ұйымы Заречный-4 тұрғын алабында «Балапан» республикалық бағдарламасы аясында ашылады.
Екі қабатты жаңа үлгідегі, заманауи талапқа сай салынған №47 «Нұр-Ай» мектепке дейінгі ұйымы - 150 орындық, жалпы алаңы - 2100,0 шаршы метр. Балабақша құрлысына бюджеттен-337,5 млн. теңге жұмсалған. Балабақшада 25 тәрбиеленушіден 6 топ құрастырылады.
Бұл мектепке дейінгі ұйым аптасына 5 күндік және 10,5 сағаттық тәртіппен жұмыс жасайтын болады.
Жаңа балабақшалардың ашылуы 130 жұмыс орны мен 450 бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мүмкіндік береді.
«Балапан» республикалық бағдарламасы аясында балабақша құрылысына көп көңіл бөлініп, мектепке дейінгі ұйымдардың ескі ғимараттары қайтарылып, сонымен қоса мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік те дамуда.
2014-2015 жылдарда 905 орындық мемлекеттік тапсырысты орындаған 10 жеке балабақша ашылған болатын. Жыл соңына дейін Заречный-1 тұрғын алабынан 150 орындық және «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданынан 320 орындық балабақшалар ашу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда физика-математика мектебінің ғимараты 240 орындық мектепке дейінгі ұйымға арналып қайта жөнделуде. Нысан 1-қыркүйекте беріледі. Сонымен қоса, «Күзет» ғимаратына да 240 орындық балабақшаға арналып жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде тек осы жылы 5000 бүлдіршін мектепке дейінгі ұйыммен қамтамасыз етіледі.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды