- Басты
- Жаңалықтар
- Германиядағы Қазақстандық студенттер Қазақстанның ГФР-дағы Елшісімен кездесті
Германиядағы Қазақстандық студенттер Қазақстанның ГФР-дағы Елшісімен кездесті
Елші жас қазақстандықтарды «Қазақстан-2050» Стратегиясын дамыту аясында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, Қазақстанның тұрақты дамуы мен көркеюіне бағытталған Елбасының бес институационалды реформасын жете түсіндірді. Кездесу барысында негізгі екпін «Мәңгілік ел» отансүйгіш әрекетін жүзеге асыруға әрбір қазақстандықтың өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар екеніне жасалынды.
«Қазақстандық студенттер Елшіні «ҚазГерАльянс» одағының мақсаттары және міндеттерімен, биыл жоспарланған шаралармен таныстырды. Сонымен қатар, студенттердің ү.ж. ақпанда ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д. Назарбаевамен, ү.ж. сәуірде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р. Жошыбаевпен Берлиндегі кездесулері барысында көтерілген сауалдар мен сұрақтар талқыланды», - делінген хабарламада.
Кездесу соңында Германиядағы қазақстандық студенттер футбол турнирі кезінде жеңіп алған кубогын Елшілік мұражайына табыстады.
Қазақстандық студенттердің бесінші форумы биыл күзде Берлинде өтеді. Форумға қолдау көрсетуші «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы, халықаралық Қазақстан студенттерінің «ҚазАльянс» одағы және DAAD неміс академиялық алмасу қызметі.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Студенттер жатақханасындағы орын тапшылығы: Мәселе қалай шешіліп жатыр