• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: ҚР мен РФ Президенттерінің қолдауымен «Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік ғарыш саласының дамуында көш бастап келеді

Б.Сағынтаев: ҚР мен РФ Президенттерінің қолдауымен «Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдік ғарыш саласының дамуында көш бастап келеді

2 Маусым, 2015 17:13
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «Байқоңыр» кешенінің 60-жылдығына арналған іс-шараларға қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.

Қаза тапқан сынаушы-жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған Бақытжан Сағынтаев ресми шараларға қатысып, сондай-ақ қала тұрғындары мен Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлерін және ардагерлерді мерейтоймен құттықтады.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихи және ғылыми-техникалық маңызын түсінген Қазақстан мен Ресей оны әрі қарай дамыту бойынша жұмыстарды жүргізіп отыр. Қазақстан мен Ресей Федерациясы президенттерінің қолдауымен аталған ғарыш айлағы әлемдік ғарыш саласының дамуында көш бастап келеді. Ол екі ел арасындағы өзара тиімді ықпалдастықтың, ғылыми-техникалық прогрестің символы іспетті», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары.

Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен келіссөздер жүргізді. Олар «Байқоңыр «кешенінің әрі қарай дамуын, қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына ұшу туралы мәселені және «Бәйтерек» пен «Днепр» бағдарламаларының болашағын талқылады.

Барлық жаңалықтар