- Басты
- Жаңалықтар
- МУЗ-ТВ сыйлығы аясында Астанада ресейлік әртістердің қатысуымен 16 қайырымдылық шара өтеді
МУЗ-ТВ сыйлығы аясында Астанада ресейлік әртістердің қатысуымен 16 қайырымдылық шара өтеді
Қазақстан астанасында 5-маусымда өтетін МУЗ-ТВ сыйлығы шарасының алдында МУЗ-ТВ телеарнасы «Аяла» мен «Дала» қорларымен бірлесіп, 16 қайырымдылық іс-шара өткізеді. Оған 2 мың жетім бала әлеуметтік жағынан аз қамтылған және жайсыз отбасынан шыққан балалар қатысып, ресейлік және отандық өнер жұлдыздарының өнерлерін тамашалайды.
«Аталмыш шараның алдында қайырымдылық акциялары жоспарланған. Мен, басқаларға қарағанда, балалар үшін мұның қаншалықты маңызды, қаншалықты қуанышты екенін жақсы түсінемін. Аз ғана қуаныш, аз ғана қолдау олар үшін үлкен өмір, 4-маусым күні біз мектеп-интернатқа барамыз. Біз балалармен араласып, оларға арнап концерт ұйымдастырамыз, ең бастысы шын жүректен, шын сезіммен балаларға үлкен қуаныш сыйлағым келеді»,-деді Диана Гурцкая.
Оның сөзінше, ол балалармен тілдесіп, оларға қамқорлық көрсетіп, жан жылуын беру аса маңызды екенін ол өзгелерге қарағнда, жақсы түсінеді.
«Мен де көре алмайтын балаларға арналған мектеп-интернаттан шыққанмын, онда 11 жыл өмір сүрдім, мен оның не екенін білемін, мен үшін балалармен қуанышыңды бөлісу үлкен бақыт. Мен өзімнің өмірім туралы, қандай қиындықтарды бастан өткерсем де оқып білім алуымды жалғастыра бергендігім туралы айтып беремін. Яғни мен олармен өзімнің шын өмірім туралы сыр бөлісемін»,-деді әнші ағынан жарыла.
Естеріңізге сала кетейік, 5-маусымда жыл сайын өтетін МУЗ-ТВ сыйлығы алғаш рет Астанада өтеді. Музыка саласындағы алғашқы сыйлық 2003 жылы «Олимпиский» стадионында Мәскеуде өткен болатын. Содан бері аталған шара әр жерде өткізіліп келеді.
Индира Кауметова
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары