• Басты
  • Жаңалықтар
  • П.Фостер: «Air Astana» ҚР елордасынан аптасына ұшатын халықаралық рейстер санын 67-ге жеткізді

П.Фостер: «Air Astana» ҚР елордасынан аптасына ұшатын халықаралық рейстер санын 67-ге жеткізді

2 Маусым, 2015 14:01
2015 жылы «Air Astana» Қазақстан елордасынан аптасына ұшатын халықаралық рейстер санын 67-ге көтереді, деді «Air Astana» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Астанадағы конференцияда.

«Астанадан Сеул мен Тбилисиге жаңа рейстердің ашылуы халықаралық бағыттардың өскенін көрсетеді, Астананың  өзге елдермен  халықаралық байланысының кеңейгенін  байқатады. Кеше біз Пекинге ұшатын бағытты аптасына 3 рет қылып ұйымдастырдық. Егер жылдар толқынына сүйенсек, 2010 жылдан бастап  Эйр Астана аптасына 20 халықаралық рейсті жүзеге асырса, бүгінде ол 67 санын құрап отыр», - деді П.Фостер.

Оның айтуынша, әуекомпаниясы Астанадан Гонконг, Токио және Нью-Йорк қалаларына бағыт ашуды жоспарлауда.

« «100 қадам» жаңғырту бағдарламасына сәйкес, «Air Astana» әуекомпаниясы қыста Дубайға, Гонкогқа – жыл соңында, Токиоға 2016 жылдың соңына таман рейстер ашуды жоспарлауда. «Boing 767» ұшағын алған соң 2019 жылы Нью-Йоркке бағыт ашамыз», - деді әуекомпаниясының президенті.

Айта кетерлігі, 2015 жылдың 29 наурызында Астана-Париж бағытында «Боинг-757» ұшағымен тікелей рейс орнатылды.

Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар