Астанадан Сеул мен Тбилисиге тікелей әуеқатынасы ашылды

2 Маусым, 2015 13:41
«Air Astana» әуекомпаниясы Астанадан Сеул мен Тбилисиге шығатын тікелей рейс ашты, деді Астанадағы баспасөз конференциясында «Air Astana» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер.

«Бүгін таңертең  Астана –Сеул бағытындағы «Boing 767 – 300ER» ұшағы өз жұмысын бастады. Бүгін түнгі 12:00-де Астанадан Тбилисиге ұщақ қатынайтын болады. Астана қаласында жаңа бағыттардың қосылуы елорданың азаматтық авиациясы дамып, өзге елдермен әуе қатынасы жақсарғандығын байқатады», - деді П.Фостер.

Әуекомпания президентінің айтуынша, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы рейс жұмасына 1 рет қатынайды, ал, Астана-Тбилиси қатынасы жұмасына екі рет қатынайды.

«Біз әуекомпания ретінде Сеул мен Тбилисиге тікелей қарым-қатынас ашылғанына өте қуаныштымыз. Әуекомпания Сеулге Алматыдан 12 жыл бойы ұшуда, Алматыдан Тбилисиге ұшақтар 4 жыл қатарынан қатынауды жүзеге асыруда», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар