• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан соңғы 1,5 жыл ішінде маңызды заңнамалық реформаларды қабылдады - ҚР ИДМ

Қазақстан соңғы 1,5 жыл ішінде маңызды заңнамалық реформаларды қабылдады - ҚР ИДМ

2 Маусым, 2015 13:19
Қазақстан соңғы 1,5 жыл ішінде маңызды заңнамалық реформаларды қабылдады , деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев Қазақстан-Америка бизнес форумында.

«Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстанда өте маңызды заңнамалық реформалар қабылданды. Бірінші – инвестицияларды ынталандыру, екіншісі  - бизнес ахуалды өзгерту, үшінші – «сары беттер ережесі»», - деді вице-министр.

Бірінші реформа бойынша Е.Сағадиев атап өткендей, бизнес ашып, 20 млн доллардан көп инвестиция жинауға ынталы компаниялар инвестиция бойынша бөлек келісім шарт орнатады, онда тұрақты салық салу қамтылуы тиіс.

Бизнес ахуалдың радикалды өзгеруі туралы айтатын болсақ, Е.Сағадиевтің айтуынша, бұл заң мақсаты Қазақстаннның 30 елдің қатарына кіруін көздейді, ол 2015-2016 жылдары бизнесті енгізу жеңілдігі бойынша қарастырылған.

Үшінші реформаға келетін болсақ,  - «сары беттер ережесі» мен әділдік, вице-министрдің айтуынша, мемлекет пен жеке сектордың айырмашылығын білдіреді. «Ол мемлекет аяқталып, жеке сектордың пайда болуын көрсетеді,  бұл шекараның асқандығына  мемлекет жауапкершілік көрсетпейді, демек, жеке сектормен бәсекелеспейді, бұл осыған дейін айтарлықтай мәселе болған. Мемлеке жойылатын немесе жеке меншікке айналатын 650 кәсіпорынды сатуға мүдделі, 100 компания жекешелендірілді, аукциондарда сатылды. Біз жеке меншік сала ДСЫҰ стандартына сәйкес 75 пайызын қамтиды деген ойдамыз», - деді Е.Сағадиев.

 Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, бүгінде Қазақстан халықаралық банк ұйымдарымен 5 еншілес келісімге қол қойды. Оның ішінде Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі де бар.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар