- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Сағадиев: Қазақстан халықаралық бизнесті тарту бойынша бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіреді
Е.Сағадиев: Қазақстан халықаралық бизнесті тарту бойынша бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіреді
«Біз халықаралық бизнесті тарту бойынша 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттің қатарына кіреміз. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар бізге сенімділік береді және біз әлемнің дамыған 30 мемлекеттің қатырына кіре аламыз, бүгінде біз жаңа даму кезеңіне жақындап қалдық»,- деді Е. Сағадиев.
Вице-министр хабарлағандай, 2005 жылдан бастап Қазақстан 2 млрд доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартты. «Айта кетерлік жайт, 2008 жылмен 2013 жыл аралығында инвестиция көлемі жылына 25%-ға төмендеді, алайда біз өсімді 18% көлемінде сақтап қалдық»,- деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Сағадиев Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар бұрын соңды шетелдік инвесторлар қызығушылық танытпаған салаларға тартыла басталғанын тілге тиек етті.
«Қазақстанда табиғи ресурстар қоры өте бай. Бүгінде тікелей шетелдік инвестициялар ауылшаруашылығы, логистика, фармацевтика сынды салаларға тартыла бастады»,- деді вице-министр.
Сағадиев осындай табысқа Қазақстандағы саяси макроэкономикалық тұрақтылық негіз болды деп сендірді.
«Бұл инвестициялық климатты жақсарту реформалары, біз қабылдаған «100 қадам» бағдарламалары бізді ашық және өзіне сенімді етеді»,- деп түйді вице-министр.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді