- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаевты қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаевты қабылдады
«Нұрсұлтан Назарбаев холдинг алдында еліміздің даму институттарының қызметін реттеу және жүйелендіру, сондай-ақ олар тарапынан бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті», - деп хабарламада нақтыланған.
Қ.Бишімбаев диагностика даму институттары қызметінің елеулі әлеуеті бар екенін көрсеткенін айтты. «Бәйтерек» холдингін құру мемлекетке қаржы ресурстарын басқарудағы синергия есебінен жыл сайын 15 миллиардқа жуық теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, холдингтің еншілес ұйымдарының ішкі резервтері еліміздің экономикасына 4 миллиард доллар көлемінде қосымша қаражат салуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Мемлекет басшысы холдинг басқармасының төрағасына шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытуға, инвестиция тартуға, сондай-ақ даму институттары қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды. «Қазақстанның Тұрғынүй-жинақ банкі» АҚ-да тәртіп орнату, банк басшыларының «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алған пәтерлерді қайтаруын қамтамасыз ету және оларды баспананы қажет ететіндер арасында қайта бөлу туралы арнайы бөлек тапсырма берілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы