• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада өтіп жатқан қазақстандық-американдық бизнес-форумға 25-тен астам компания өкілдері қатысуда

Астанада өтіп жатқан қазақстандық-американдық бизнес-форумға 25-тен астам компания өкілдері қатысуда

2 Маусым, 2015 11:52
Астанада қазақстандық-американдық бизнес-форум өтуде, оған 25-тен астам компаниялардың өкілдері қатысуда. Аталған компаниялар инфрақұрылымдық, энергетикалық салаларда, қызмет етеді, сондай-ақ, олардың арасында ауыл шаруашылығы мен құрылыс және туризм салаларына маманданғандары бар.

«Қазақстан мұнай мен газ, минералды ресурстар және ауыл шаруашылғы саласында әлеуеті зор мемлекет болып саналады. Аталмыш аймақтың әлеуеті, мұнда бар барлық ресурстарға бай. Қазақстанның жоспарында тек осы аймақтағы ғана емес, сонымен қатар әлемнің озық экономикаларының біріне айналу жоспары бар. АҚШ-пен әріптестік Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені АҚШ әлі де болса, әлемдегі ең ықпалды экономика болып отыр. Бұл ретте ол тек инвестиция мәселесі бойынша ғана емес, ғылым, техника, білім беру салалары бойынша да алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Бұл жаһандық дамудың ең маңызды бағыттарының бірі және біз Қазақстанмен осы елге өзге де жаһандық инвесторларды тартатын, қалған өзге әлеммен байланыстыратын әріптес бола аламыз»,-деді Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джордж Крол.

Елшінің сөзінше, Қазақстан мен АҚШ экономиканың түрлі бағыттары бойынша тиімді әріптес бола алады.  

«Меніңше, Қазақстан мен АҚШ бір-бірі үшін жаралған және біз мойнымызға осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен экономикалық және бизнес ынтымақтастықты дамыту міндеттерін алып отырмыз. Біз екіжақты коммерциялық әріптестікті дамыту бағытында жұмыс істейміз»,-деді АҚШ өкілі.  

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар