- Басты
- Жаңалықтар
- А.Сәрінжіпов: ҰБТ-ны өткізу үшін толығымен жабдықталған 165 пункт жұмыс істеуде (ФОТО)
А.Сәрінжіпов: ҰБТ-ны өткізу үшін толығымен жабдықталған 165 пункт жұмыс істеуде (ФОТО)
«Бүгін біз ұлттық тестілеуді бастаймыз. Еуразиялық ұлттық университетте Астана қаласының оқушылары тест тапсыруда. Қазіргі таңда, сағат 9-дағы жағдай бойынша біз толық дайынбыз, барлық 165 пункт жұмыс істеп жатыр, керек-жарақпен толық қамтылды, жергілікті атқарушы органдар, біздің департаменттер дайын. Биылғы жылы 120 мың оқушы мектептен түлеп ұшқалы отыр, оның 70%-ы, яғни 85 мыңы ҰБТ тапсырады, олардың шашамен 25 мыңы орыс тілді оқушылар», - деді министр.
Сондай-ақ, ведомсвто басшысы 2015 жылғы жаңашылдықтар туралы еске салып өтті.
«Егер оқушы жыл бойы жақсы оқып, ҰБТ-да қобалжып, тиісті бағасын ала алмаса, орташа баға қойылады. Бұл едәуір әділетті шешім. Сонымен қатар біз шамамен 20 мыңдай сұрақты жаңарттық. Сұрақтардың басым бөлігі логикалық болып келеді», - деді ол.
Министр атап өткендей, тестің нәтижесі www.testcenter.kz сайтында жарияланады.
«Мектепке келіп өз бағалараңызды білулеріңізді ұмытпаңыздар. Сайтқа кіріп ЖСН номері бойныша білуге болады. Бұл жылы жүйе жақсы жұмыс істеп отыр және қобалжу болмайды деген үміттеміз», - деді министр.
А.Сәрінжіпов оқушылар мен олардың ата аналарын қобалжымауға шақырды.
«Барлықтарыңызға ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңызды тілеймін. Түлектер қобалжымай өз білімдеріңізге сеніңіздер және лайықты бағаларыңызды алуға тілектеспін», - деп түйді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу 2015 жылдың маусым айының 2 мен 8 аралығында өтеді.
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді