Түркияның Мерсин қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

1 Маусым, 2015 20:24
Түркияның Мерсин қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул болып түрік бизнесмендерінің арасындағы танымал кәсіпкер Ахмет Будан атанды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Ашылу салтанатына Мерсин провинциясының губернаторы Өздемір Чакаджак, қала мэрі Бурханеттін Коджамаз, Түркия Парламентінің депутаттары, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, қоғамдық-саяси, академиялық және өңірдің іскерлік топтарының өкілдері қатысты.

Елші Ж. Түймебаев ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның сыртқы-саяси бастамалары, «Қазақстан-2050» стратегиясы және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» туралы хабардар етті. Ол, содай-ақ, түрік инвесторларын еліміздің ірі инвестициялық жобаларында қатысуға шақырды.

Губернатор О. Чакаджак Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жоғары бағалап, провинцияның іскерлік топтарының Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынастарға белсенді қатысатынына сенімді екенін білдірді. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның дамуында орасан зор үлесін атай отырып, оның жүргізген салиқалы саясаты арқасында еліміз осындай қысқа мерзімнің ішінде озық елдердің қатарына кіре білді. «Президент Н.Ә. Назарбаев негізін қалаушысы болып табылатын Қазақстанның этноаралық келісім моделі бүкіл әлемде мойындалады. Сонымен қатар, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ү.ж. маусымда Астанада өтетін V Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің сәтті өткізілуін тілеймін», - деп губернатор қорытындылады.

Сөз сөйлеген саяси қайраткерлер екі елдің арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының дамуын жоғары бағалай отырып, Қазақстанның жаңадан ашылған Құрметті консулдығының қазақ-түрік ынтымақтастығының одан әрі дамуына үлес қосатынына сенімін артты.

Ашылу салтанатынан кейін қабылдау ұйымдастырылып, оған қатысқандар қазақ-түрік ынтымақтастығы туралы көрмемен және Қазақстан туралы кітаптармен танысуға мүмкіндіктері болды.

Мерсин провинциясы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан және ірі порт, өнеркәсіптік база және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымымен әйгілі. Өңірде туристік индустрия қарқынды дамып келе жатыр. Бұрыннан бері Мерсин Түркияның ең маңызды порттарының бірі ретінде баршаға мәлім болып, оның өткізу қабілеті жылына төрт мың кемені құрайды. Қалада 3 индустриялдық аймақ орналасып, оның құрамында 1300 шамасында зауыт пен фабрика жұмыс істеуде.

Қаланың тарихы б.з. бұрынғы VII мыңжылдықтан басталады. Қаланың көне бекіністері б.з. бұрынғы 4500 жылында құрастырылған болатын. Тарихи жазбаларда Киликия деген жер де аталып кетуде. Оның асатанасы Тарсус, ал оған ең жақын орналасқан Мерсин порты Киликияның «негізгі қақпасы» болып табылады.

Барлық жаңалықтар