- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада балалар күніне орай «білімділер теңізі» шарасы өтті (Фото)
Қызылордада балалар күніне орай «білімділер теңізі» шарасы өтті (Фото)
Шараның аты айтып тұрғандай балалар кемемен теңіз аралдарына саяхат жасады. Мереке барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев кеме капитаны Азат Қарекеевпен білім теңізінде орналасқан оқушыларға жан-жақты қабілеттерін дамытатын 15 аралға саяхат жасап, балалардың шығармашылығымен танысты.
Балалар «Суретшілер аллеясы», «Көшбасшылар», «Happy English», «Саяхатшылар», «Дефиле», «Домбыра думан», «Сиқырлы шаршы», «Жасыл патруль», «Білім», «Жылдамдық», «Қолөнер», «Менің қиялымдағы қала», «Фотогалерея», «Робототехника» аралдарына саяхат жасап, білім деңгейлері сыналатын сайыстарға қатысты.
« «Барым балам үшін» - деген ұстаныммен, көзіміздің қарашығындай бүлдіршіндердің болашағын баянды ету, перзенттеріміздің ертеңі үшін еңбек ету бұл барша адамзатқа ортақ парасатты парыз деп білемін. Болашағымыз саналатын балаларымыз спортта да, өнерде де, өмірде де жақсы жетістіктерімен қуантып, аймағымыздың атын шығара берсін», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Расында аймағымызда келешек ұрпақтың саналы азамат болып жетілуі үшін толымды тірлік жасалып жатыр. Соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаржы 3,3 есеге өсті. Облыста балалардың 92 пайызы мектепке дейінгі тәрбие берумен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтамасыз етіліп, 100 пайызға жетеді. Жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтарының да саны артып келеді. Апатты жағдайдағы мектеп мәселесі 2 жылдың көлемінде шешіледі. Мұның барлығы балалардың заман талабына сай тәрбиемен қамтылып, білім алуы үшін жасалып жатқан жағдай.
Шара барысында балалар саяхаттаған әр аралдың өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. Бірінде балалар мәнерлеп өлең оқыса, енді бірінде ертегілер сахналанды. Спорттық сайыстар, ас мәзірін әзірлеу, сурет салу, қол өнер сайыстары балалардың қызығушылығын арттырды.
Оқушылар сарайына мектеп жасындағы балалардың мектептен тыс уақытын тиімді өткізу және оқушылардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау мақсатында картадром алаңы құрылысына, спорттық картинг машиналарын, білім орталығына планетарий күмбезін, 20 робот техникаларын алуға және мультимедия кабинетін жабдықтауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Аталған алаңдарды аймақ басшысы аралап көріп, картинг машиналарының жылдамдығын тамашалады.
Шара барысында белсенділік танытқан оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталып, облыс басшысымен естелік суретке түсті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр