- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Милан ЭКСПО көрмелерін дайындау және өткізу бойынша тәжірибе алмасуға келісті
Астана мен Милан ЭКСПО көрмелерін дайындау және өткізу бойынша тәжірибе алмасуға келісті
Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков пен Милан мэрі Джулиано Пизапианың кездесуі нәтижесінде осындай келісім жасалды.
«Қазақстан астанасы үшін сіздердің көрмелеріңіз ерекше қызығушылық туғызуда. Астанада Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі өтетінін ескере отырып, бізге сіздердің осындай үлкен шараны өткізудегі тәжірибелеріңізді игеру өте маңызды, деді Ә. Жақсыбеков, мамырдың 29 күні Миланда өткен кездесуде.
Ол ЭКСПО-2015 көрмесін ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде екенін және көрме қатысушылары мен қонақтар тарапынан қазақстандық кешенге үлкен қызығушылық барын атап өтті.
Ә. Жақсыбеков пен Дж. Пизапиа, сондай-ақ, Астана мен Милан арасындағы екіжақты серіктестік мәселелерін де талқылады.
Әкім екі қаланың экономикалық әл-ауқаттарының айтарлықтай әсерін, әсіресе, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астананы Еуразияның іскер, мәдени және ғылыми орталығы ретінде қалыптастыру бойынша алға қойған басымдықтарын назарға алғандағы әсерін тілге тиек етті.
«Президент бүкіл әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесі негізінде «Астана» халықаралық қаржылық орталығын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық ағылшын құқығы принциптері негізіне сүйеніп, онда жеңілдетілген салық режимі мен тәуелсіз қаржылық соты болады деп жоспарлануда. Ол Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының өзегі болмақ, ал болашақта барлық Орталық Азия аймағы үшін қаржылық хабқа айналмақ. Бұл да біздің қалаларымыздың серіктестігі үшін маңызды жайт», - деді Ә. Жақсыбеков.
Одан бөлек, әкім туризм, білім, спорт, мәдениет салалары бойынша екі жақты серіктестіктің перспективаларына тоқталды.
Атап айтқанда, тараптар мұражай көрмелері мен экспозицияларын алмастыру бойынша байланыс орнатуға қызығушылық танытты.
Ә. Жақсыбеков Дж. Пизапианы Астанаға келуге, Қазақстанның елордасымен, оның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатымен танысуға шақырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері