• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Рау: Қазақстанда минералды-шикізат кешені бағдарламасы бойынша 46 млрд теңге игерілді

А.Рау: Қазақстанда минералды-шикізат кешені бағдарламасы бойынша 46 млрд теңге игерілді

1 Маусым, 2015 17:53
Минералды-шикізат кешені бағдарламасы бойынша 46 миллиард теңге мемлекет инвестициялары игерілді, деді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Қазақстанның мұнай-газ саласы бойынша өткен парламенттік тыңдауда.

«ҮИИДМБ аясында алғаш рет салалық бағдарлама ретінде минералды-шикізат кешені  бағдарламасы қабылданды. 2014 жылы бағдарлама аяқталды. Оның аясында 46 миллиард теңге мемлекеттік инвестиция игерілді»,-деді А.Рау.

Оның сөзінше, бағдарлама аясында 5 жылда алтынның өсім көлемі 418 тоннаға жетті, бұл өнідру көлемінен артық. «Ал өндірілген өнім 230 тонна алтынды құрайды, өсім өндірілгеннен көп, тура оысндай жағдай уран бойынша да қалыптасып отыр. Өсім өндірістен 2 есеге жуық көп. Мұнай бойынша өсім 5 жыл ішінде өндірістен төмен болды. Алайда мен 2012-2014 жылдар аралығында өндіріске қарағандағы өсім көлемі 400 миллион тонна мұнайға жуықтағандығын айтқым келеді»,-деп жалғады ол.

А.Раудың сөзінше, ең үлкен өсім 2005 жылы 260 миллион  тонна болды, 2008 жылы 240 миллион тоннаны қрады. «Соңғы жылдары бізде бұл көрсеткіш жылына 13-тен 100 миллион тоннаға дейінгі аралықты құрап отыр»,-деді вице-министр.   

Бұған қоса, А.Рау биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан 6 миллиард теңге бөлінгендігін, оның 2 миллиарды қатты пайдалы қазбаларды іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарына, 2,2 миллиарды көміртегі шикізатының скважиналарын бұрғылауға жұмсалатындығын атап өтті.  

Индира Кауметова

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар