- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне – 17 жыл
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне – 17 жыл
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бұл - еліміздің Қарулы Күштерін қайта құру аясында жүзеге асырылды. ӘШҚҚ мен ӘӘК бірігуімен жедел және жауынгерлік даярлықтың деңгейін көтеру мақсатында әзірленген нақты ұйымдық және әдістемелік іс-шаралар нәтижесінде экономикалық шығынсыз есептоптар мен экипаждардың жаттықтырылу және жауынгерлік әзірлік деңгейін сақталды.
Бұл ретте кәсіби даярлыққа, техникада жаттығуға, оқу тренажерларын пайдалануға үлкен көңіл бөліне бастады. Мұңың барлығы шамалы материалдық шығынмен әскери мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Осыны негізге ала отырып, Әуе қорғанысы күштерінің басымдық міндеттері жауынгерлік кезекшілікті атқару болып табылады.
Таңның атысымен, күннің батысымен, кез келген ауа райында ұшқыштар мен зениттік-техникалық есептоптар біздің халқымыздың бейбіт, қажырлы еңбегін күзету және қорғау бойынша қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға әзір.
Әуе қорғанысы күштерінің басшылығымен мемелкеттің әскери қауіпсіздігін нығайту мен қорғауға, олардың құрылымын қайта қру мен оңтайландыруға бағытталған елеулі жұмыс атқарылды. Әуе қорғанысы күштері кез келген әуе нысаналарын, сондай-ақ зениттік-зымырандық кешендерді жоюға қабілетті әуе және жерүсті нысаналарды жоюдың заманауи құралдарымен жабдықталған.
Олар: МиГ-31, МиГ-29, Су-27 және Су-30СМ ұшақтары. Аталған кешен барлық қолданылатын биіктік пен жылдамдық диапазонындағы қазіргі заманғы ұшақтарды, стратегиялық қанатты зымырандарды жоюға қабілетті. Бүгін Әуе қорғанысы күштерінде ірі тактикалық оқу-жаттығуларда, практикалық сабақтар мен полигондарда өздерінің шеберліктерін бірнеше мәрте көрсеткен дайындалған жоғары шебер авиациялық мамандар, радиотехникалық және зениттік-зымырандық есептоптар жауынгерлік кезекшілікті атқаруда.
Бүгін Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы өздерінің қажырлы еңбегімен қазақ батырларының, майдангерлердің, аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты дәстүрін көбейтіп келе жатқанын сеніммен айтуға болады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Әуе қорғанысы күштері біздің тәуелсіздігіміздің 23 жылы ішінде қажетті тәжірибе жинақтағанын, еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде және Достастық шеңберінде өздерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруді жалғастыруда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті