• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда мұнай және газ саласында есепке алатын автоматтандырылған бірыңғай жүйені құру керек -депутат

Қазақстанда мұнай және газ саласында есепке алатын автоматтандырылған бірыңғай жүйені құру керек -депутат

1 Маусым, 2015 16:19
Қазақстанда мұнай газ саласында есепке алатын автоматтандырылған бірыңғай жүйені енгізу керек, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов Мәжілістегі Қазақстандағы мұнайгаз секторының даму болашағы мен проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда.

Мәжлісменнің айтуынша, Үкімет ЖЖМ кейбір түрлеріне бөлшек және көтерме сауда бойынша қойылатын шекті бағалар мәселесін жіті зерттеуі керек.

«Осы ретте мұнай резервуарындағы мұнай өнімдері қалдықтарын шешіп алу, мұнай мен мұнай өнімдері айналымының салықтық есебі салаларындағы проблемаларды атап өткен жөн. Оларды шешу жолы - Қазақстанда мұнай газ саласында есепке алатын автоматтандырылған бірыңғай жүйені құру. Бұл аталмыш саланы бақылауға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді депутат.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңына енгізілген соңғы өзгертулерге сәйкес 2017 жылы аталмыш жүйе іске қосылуы керек. Ол өз кезегінде болашақта мұнай газ саласын есепке алудың бірыңғай жүйесіне өзгертіледі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар