• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Оралдың «Зенит» зауытында құны 458,8 млн теңге болатын кеме құрылысы жобасы жүзеге асырылуда

ИИДМБ: Оралдың «Зенит» зауытында құны 458,8 млн теңге болатын кеме құрылысы жобасы жүзеге асырылуда

2 Маусым, 2015 09:48
«Оралдың «Зенит» зауыты» акционерлік қоғамы ИИДМБ-ның аясында 458,8 миллион теңгенің 600-700 тонна су ығыстыра алатын ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды аймақтың ішкі саясат басқармасы.

Болашақта – 720 тонна су ығыстыратын әмбебап көп функционалды кеме мен бортта тікұшағы бар 2-ші рангілі шекаралық күзет кемесін салу жоспарда бар. 

Зауытта Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілдері болып, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің құрылымына кіретін кәсіпорынның қызметімен танысты.  

«Зауыттың басты мақсаты – ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметі үшін үшін катерлер мен кемелер шығару жөніндегі мемлекеттік қорғаныс саласының тапсырыстарын орындауды қамтамасыз ету. Қазіргі сәтте ҰҚК-нің Шекара қызметінің екінші рангілі жаңғыртылған кемесі жобасы жүзеге асырылуда.     

Зауыт директоры Вячеслав Валиевтің сөзінше, суасты ортаны қорғау және оған мониторинг жүргізу жұмыстарымен айналысатын кемені арнайы гидроакустикалық стансамен жабдықтау жоспарланып отыр.     

«Бүгінгі көріп отырғанымыз бізді қуантты. Зауыт еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметіне еліміздің шекарасының тұтастығын қамтамасыз ететін, заманға сай, мүмкіндіктері жоғары кемелермен, катерлермен қамтамасыз етуге қауқарлы. Зауыт қажетті құрылғылармен толық қамтылған және онда кәсіби біліктілікі жоғары кадрлар да жеткілікті. Ең бастысы кәсіпорын жаңғырып, жаңғыруда. Ал тапсырыстарға келетін болсақ, ол зауытта міндетті түрде болады, өйткені еліміздің Президенті, ҚР Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық қамту басым бағыт болуы тиіс деген тапсырмасы бар.  Меніңше, шеттен алуға ешқандай да қажеттілік жоқ, өйткені, Қазақстанда жоғары технологиялары бар зауыт бар. Ал оны тапсырыстармен қамтамасыз ету –кәсіпорынды дамытуды ынталандырады»,-деді сенатор Мұхтар Алтынбаев.  

 

 

 

Барлық жаңалықтар