• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Назарбаева: Қазақстандық нарықты отандық мұнай және газ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін заңнаманы жетілдіру керек

Д.Назарбаева: Қазақстандық нарықты отандық мұнай және газ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін заңнаманы жетілдіру керек

1 Маусым, 2015 15:43
Қазақстандық нарықты отандық сапалы мұнай және газ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін заңнаманы жетілдіріп, аталмыш саланы реттейтін басқарманың жүйесін өзгерту қажет, деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева Мәжілістегі Қазақстандағы мұнайгаз секторының даму болашағы мен проблемаларына арналған парламенттік тыңдауда.

«Бізде мұнай өнімдерінің бөлшек саудасы мемлекетпен реттелетін, ал көтерме саудасы қараусыз қалған бірегей жағдай қалыптасып отыр. Сонымен қатар, ішкі нарықты көгілдір отынмен толығымен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Жалпы, қазақстандық нарықты отандық сапалы  мұнай және газ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін заңнаманы жетілдіріп, аталмыш саланы реттейтін басқарманың жүйесін өзгерту қажет»,- деп мәлімдеді Д.Назарбаева.

«Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының  жетекшісі түсіндіріп кеткендей, бұл  мұнай мен мұнай өнімдерінің өзіндік бағасын арттыруға алып келетін нормаларға байланысты. «Жер қойнауын пайдаланушы мен МӨЗ арасында бір ғана делдал болуы тиіс. Мұнай өнімдері бағасын реттеу жүйесі бір нысанның есебінен екінші біраеулердің баюына жол бермеуі керек»,- деп жалғастыры ол.

Сонымен қатар, Д. Назарбаева атап өткендей, көмір қыртыстарынан метан мен қатпарлы тас газдарын өндіру мен айналымы мәселесіне жіті көңіл бөлінуі тиіс. Бұдан басқа, ол сұйытылған мұнай газ саласындағы қордаланған проблемаларда өз шешімін табуы керек екендігін тілге тиек етті.

«Каспийдің солтүстік бөлігі бірегей су және биологиялық ресурстарға бай, біз мұнай өндіре отырып осыларды сақтап қалуымыз керек»,- деді ол.

Д. Назарбаеваның есептеуінше, стратегиялық инвесторлар инвестициялауға деген сенімділік болған жағдайда өте көп болады, ал инвесторларға мұндай сенімділікті саяси тұрақтылық пен геологиялық мәліметтер береді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар