• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ИДМ: «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізілді

ҚР ИДМ: «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізілді

1 Маусым, 2015 16:37
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында ағымдағы жылғы 28 мамырда Астана қаласында «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін қабылдау туралы» (КО ТР 018/2011) 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Кеден одағы комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлады ҚР ИДМ.

«Өзгерістер үшінші елдерден әкелінетін, N3, О3 және О4 санатындағы («Техникалық рұқсат етілген ауқымды массасы 12 тоннадан артық болатын жүкті тасымалдауға арналған көлік құралдары», «Техникалық рұқсат етілген ауқымды массасы 3,5 тоннадан астам, бірақ 10 тоннадан артық емес болатын тіркемелер», «Техникалық рұқсат етілген ауқымды массасы 10 тоннадан артық болатын тіркемелер») көлік құралдарын халықаралық автомобиль тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының әкелу проблемаларын шешу мақсатында қабылданды», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, КО ТР 018/2011 сәйкес, соның ішінде шығарылғаннан бастап 3 жылдан төмен болатын көлік құралдарын  жеке тұлғалар әкелген кезде, бұл көлік құралдары дара көлік құралдарына жатқызылады және олардың сәйкестігін растау  көлік құралдарының құрылымдарының қауіпсіздігі туралы куәлік берумен жүзеге асырылады.

Егер шығарылғаннан бастап 3 жылдан төмен болатын көлік құралдарын заңды тұлғалар әкелсе, онда ол дара көлік құралдарына жатқызылмайды және көлік құралының типін мақұлдау рәсімінен өткізілуі керек. халықаралық автомобиль тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар үшінші елдерден импортталатын шығарылғаннан бастап 3 жылдан төмен болатын көлік құралдарын айналымға шығару проблемасына тап болған кезде Қазақстан Республикасын қиын жағдайға кез келді. Жеке импортталатын жаңа көлік құралдарына қатысты техникалық тараптан типті мақұлдау нысанында сәйкестікті бағалау жүргізу, соның ішінде, оның бөлігі бұзатын болып табылатындықтан, сынақтардың көп болуынан мүмкіндігінің жоқ екендігін атап өту қажет.

Өзгерістер Техникалық регламент күшіне енгенде дейін ұлттық заңнамалыққа сәйкес Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясында берілген N3, О3 және О4 санатындағы көлік құралдарының типін мақұлдауды Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданыста болуын көздейді. Осындай құжаттар оның қолданысы мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2016 жылғы 1 шілдеден кешікпей тікелей қолданыста болады. Бұл ретте, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясында берілген берілген, типті мақұлдау бойынша Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылған осындай көлік құралдарының саны 2100 бірліктен аспауы керек.

Сонымен бірге, ЕАЭК отырысында Кеден одағы техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, оған өзгерістер енгізу және жою тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 ЕАЭК Кеңестің шешімі Кеден одағының техникалық регламенті (Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер) оны қабылдаған күннен бастап алты айдан кейін күшіне енетіні туралы туралы норма мазмұндалған Ережемен толықтырылады.

Өзгерістер ДСҰ Қазақстанның кіруі шеңберінде техникалық регламенттер күшіне ену үшін жетелі мерзімді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау мақсатында енгізілді.

Сонымен бірге, 2015 жылғы 29 мамырда Бурабай кентінде (Ақмола облысы) ТМД мүше-мемлекеттері Үкімет басшылары Кеңесінің отырысында өлшем құралдарының типін, метрологиялық аттестаттауды, тексеруді және калибрлеуді бекіту мақсатында сынақ нәтижелерін өзара бірлесіп тану туралы  Келісімге қол қойылды.

Осылай бизнеспен жұмыс жеңілдетіледі, өйткені, ТМД мүше-мемлекеттердің арасындағы метрология қызметтері саласында өлшем бірлігі келісілген саясатқа ықпал етеді.

 

Барлық жаңалықтар