• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды

Б.Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды

1 Маусым, 2015 15:09
Біржан Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394  қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі қызметін атқарған Арғындықов Дәулет Рашидұлы «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті болып тағайындалды. 

Барлық жаңалықтар