- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: Елорда құрлықтың ең маңызды көлік хабына айналуы тиіс
Ә. Жақсыбеков: Елорда құрлықтың ең маңызды көлік хабына айналуы тиіс
Әкімнің айтуынша, қойылған мақсаттарға жету үшін іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу қажет.
«Біздің жұмысымыздың негізгі өзегі - Астананы Еуразияның мәдени, ғылыми және іскер орталығына айналуы болып табылады», - деп атап өтті елорда әкімі.
Нақты қадамдардың 70 пункті - Astana EXPO - 2017 инфрақұрылымдары негізіне қарасты және арнаулы мәртебе берілетін Астана халықаралық қаржы орталығын (АІҒС) құру.
Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту. Әкімнің пікірінше, орталық елорданың іскерлік әл-ауқатын одан әрі еселеп, болашақта әлемнің 20 алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының қатарына енеді.
«Бізге барлық ықтимал жағдайларды, атап айтқанда: орталық жұмысының транспорттық жағдайға, баспана мен қонақ үйлер нарығына, еңбек нарығына, көші-қон және туристік ағымдарға әсерін ескеру қажет. Бұл мәселелердің көп жақтылығын ескере отырып, барлық орынбасарлар орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірігіп осы ықтимал мәселелердің алдын алу бойынша жұмыстарды атқаруы керек», - деп тапсырды әкім.
Орталықта қаржы қызметінің жаңа түрлерін дамыту көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде қаржылық құралдар аясын кеңейтеді. Қала басшысының айтуынша, Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы коммуналдық жобаларды қаржыландырудың, Кәсіпкерлік басқармасы – шағын және орта бизнесті қолдау бойынша, «Астана - жаңа қала» АЭА – инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа мүмкіндіктерді қарастыруы қажет.
Еңбекақы төлеу принципіне өту аясында жергілікті атқару органдарының қызметін бағалаудағы негізгі критерилердің бірі - инвестиция тарту бойынша жұмыс болу керек.
Сондықтан барлық басқармалар өз жобаларын жүзеге асыру үшін қаржылық құралдардың жан-жақты түрлерін қарастыруы керек, - деді әкім.
Қала басшысы қаржы орталығының халықаралық көлік қатынасына қол жетімділігін де сөз етті. Осы мақсатта «100 нақты қадамның» 73-пунктіне сәйкес, алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарымен байланыстыратын авиақатынастардың тұрақты және қолайлы жүйесі құрылады. Бұл өз кезегінде ішкі және қалааралық көлік ағымдарымен тығыз байланыста болуы керек.
«Елорда Азия мен Еуропаның арасын байланыстыратын барша құрлықтың ең маңызды көлік хабына айналуы керек, - деді әкім. «Бұл тұрғыда Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, «Астана ЛРТ» ЖШС қаланың Кешенді көлік жүйесін қалыптастыруға жүйелі түрде кірісуге, халықаралық, ұлттық және қалаішілік қатынастырдың барлығын қарастыруды тапсырамын»
Орталық инфрақұрылымының тағы бір маңызды бөлігі – сапалы ақпараттық-коммуникациялық жүйе. Алдағы уақытта орталық қатысушылары ғана емес, Астананың барлық тұрғындары да сапалы, жылдам және қымбат емес байланыс түріне қол жеткізеді деп жоспарланған.
Әкім орталыққа шетелдіктердің көп келетінін, бұл тұрғыда ағылшын тілін барлық жерде қолдану қажеттілігі туындайтынын да атап өтті. Ағылшын тілі қаржы орталығының аумағында ресми тіл болмақ.
Қорытындылай келе, әкім алға қойылған мақсаттардың маңыздылығын тағы бір рет атап өтті. Сонымен қатар, жұмысқа ведомство көлемінде ғана қарамау керек екендігін ескертті.
«Ауқымды мақсаттарды түйткілді мәселе ретінде емес, өзімізді көрсетудің мүмкіндігі, әл-ауқатымызды жүзеге асырудың амалы, Астананың дамуына сүбелі үлес қосу ретінде қарастыруымыз кере, - деді елорда басшысы.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру